USD
USD
USD

Азия чемпионаты: Су добынан Қазақстан құрамасы Сингапурды жеңді

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында бүгін су добынан сынға түскен Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші ойында қарсыластарын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су добы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қорытынды есеп - 19:9.

Енді, ертең Қазақстан құрамасы Қытаймен кездеседі. Жарысқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Жеңімпаз бен жүлдегерлер айналмалы жүйе арқылы анықталады.

Су добы. Қыздар. 3-ойын

Қазақстан - Сингапур 19:9

Голдар: Юлия Дружинина - 5 Алина Озкая, Ариадна Затыльникова - 3 Анфиса Журавлева, Василиса Антропова - 2 Яна Смолина, Анеля Алтыбасарова, Дарина Сембек, Милана Ветрова – 1.

Сонымен қатар Ерлер арасында су добынан Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің үшінші ойынында Иран құрамасынан пенальти сериясында 10:12 есебімен жеңілді.

Енді жігіттеріміз ертең В тобындағы соңғы матчта Малайзиямен кездеседі. Жартылай финалға өз тобында 1-2 орын алған командалар шығады.

Қазір оқып жатыр

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті

Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Әбдіров, Смайылов, Әзімова

Үндістанда қамауға алынған танкерде қазақстандық теңізші де бар болып шықты

Танкер

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы атыс: полиция мән-жайды түсіндірді

Полиция көлігі