Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Азия чемпионаты: Қазақстандық гимнасшылар екі алтын, бір күміс медаль жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында 8 маусым күні спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық жасөспірім спортшылар сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Спорттық гимнастика
Фото: ҰОК

АЛМАТЫ, NEGE. Ат спорты снарядтарындағы финалдық бәсекеде Роман Хегай ат снарядындағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды — 13.800 ұпай.

Осы жаттығуда тағы бір қазақстандық гимнасшы Нұртаң Ыдырысов күміспен марапатталды — 12.866 ұпай.

Нұртаң Ыдырысов параллель брусьяларда да шеберлігін көрсетіп, екінші алтын медалін жеңіп алды — 13.933 ұпай.

Жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста үшінші орынға ие болып, Азияның үздік үш құрамасының қатарына енді.

Бұл жетістік — ел спортының болашағы үшін үлкен серпін. Қазақстандық жас гимнасшылар халықаралық аренада өз әлеуетін дәлелдеп келеді.

Қазір оқып жатыр

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы