USD
USD
USD

Азия чемпионаты: Бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады

Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасының төрт боксшысы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокс
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Құрлықтық турнирдің іріктеу кезеңдері аяқталып, енді ширек финалдық бәсекелер басталды. 4 желтоқсанда ұлттық құрамадан төрт боксшы шаршы алаңға шығады:

–48 келі: Әйгерім Сәттібаева – Офелия Магно (Филиппин)

–54 келі: Сымбат Әлиасқар – Вэньцань Сюй (Қытай)

–67 келі: Дулат Бекбауов – Ариф Айман Мұхаммед (Малайзия)

–71 келі: Абылайхан Жүсіпов – Байрамдурды Нұрмұхамедов (Түрікменстан)

Айта кетейік, 75 келі салмақта Диас Молжігітов жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда оның қарсыласы турнирден шығып қалуына байланысты Диас тікелей 1/2 финалға өтіп, Азия чемпионатының медалін иеленді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы