16 Сәуір 11:57
...

«Азия-Авто» компаниясының бұрынғы басшылары Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаевқа сырттай үкім шықты

Азия-Авто
Фото: ғаламтордан

Өскеменде 14 сәуірде «Азия-Авто» компаниясының бұрынғы жетекшілері Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаевқа қатысты сот үкімі сырттай шығарылды.

Алматы, NEGE. Екі азамат та – Ресей азаматтары, қазіргі таңда халықаралық іздеуде жүр. Оларға сырттай үкім шығарылды.

Балушкин аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды. Сағымбаев 8 жыл 6 айға сотталды. Ол алаяқтық және ұйымдасқан қылмыстық топпен салық төлеуден жалтару баптары бойынша кінәлі деп танылды. Оған да он жыл бойы бизнесте басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сот Индустрия және құрылыс министрлігінің 230 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талап-арызын қанағаттандырмады. Бұл қаражат бастапқыда автозауыт салуға бөлінген. Тергеу мәліметінше, ақша салықтан жалтару мен қарыздарды төлемеу үшін қолданысқа түсіп кеткен.

«Азия Авто» зауытты іске қосу шарттарын орындамағандықтан, сот компаниядан мемлекеттен алған жеңілдіктер көлемінде – 174 млрд теңгені өндіріп алуға шешім шығарды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

17 наурызда «Азия Бипек Авто» компаниясына қатысты алаяқтық ісі бойынша тағы сегіз топ-менеджер, оның ішінде президент Ержан Мадиев, сотталды.