USD
USD
USD

Әзірбайжанда карантин күшейтіледі

Әзербайжанда Covid-19 вирусын жұқтырған азаматтар санының күрт өсуіне және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бірқатар шектеу енгізді.

Әзірбайжанда карантин күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оперативтік штабтың хабарлауынша, 19 қазан сағат 00.00-ден 2 қараша сағат 06.00-ге дейін Баку метрополитенінің қызметі тоқтатылады.

Көрсетілген мерзімде елдің барлық білім беру мекемесінде каникул жарияланды. Қызметкерлерді қашықтан басқару режиміне көшіру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің жұмысқа шығуы 30%-ға дейін қысқарады.

Осындай талаптар мен ережелер жеке секторда және басқа салаларда жұмыс істейтін мекемелер мен ұйымдарға ұсынылады. Жоғары тәуекел тобына кіретін 65 жастан асқан адамдарға қажеттіліксіз үйден шықпауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ, қабылданған шаралар аясында жедел штаб азаматтарды жеке гигиена ережелерін, сондай-ақ медициналық-профилактикалық ережелерді қатаң сақтауға, қорғаныс маскаларын қолдануға, қажет болған жағдайда үйден шығуға, қоғамдық орындарда бейтаныс адамдармен аз байланыста болуға, қолданыстағы карантиндік жағдайларды сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы