USD
USD
USD

Әзірбайжанда ахуал қауіпті

Әзербайжанда коронавирусқа байланысты ахуал пандемияның алғашқы күндеріне қарағанда қауіпті.

Әзірбайжанда ахуал қауіпті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әзербайжан медициналық университеті жанындағы Оқыту-терапия клиникасының бөлім басшысы А.Алиев осындай пікірде.

Маманның айтуынша, коронавирус бұрынғыдан да жылдам тарап, адамның өкпесіне тиер зияны ұлғайды. Сондықтан асқынулар мен өлім-жітім саны артуы ықтимал. Инфекция жұқтыру қаупін алдын алу үшін әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

«Ашық ауада бұл – кем дегенде 1 метр, жабық мекемеде – 1,5 метр. Медициналық масканы айыппұлдан қорыққаннан емес, қорғаныс үшін тағу қажет. Қол алысудан аулақ болған жөн. Қолды жиі жуып, құрамында спирті бар сұйықтықпен дезинфекциялау керек. Сондай-ақ адам көп шоғырланатын жерлерден аулақ болған абзал», - деп кеңес берді дәрігер. А.Алиев індетті жұқтыру санының артуы карантин талаптарының күшейтілуіне алып келетіндігін атап өтті.

Онымен бір мезгілде, әзербайжандық өзге дәрігер А.Нагиевтің айтуынша, коронавирустың «британдық» штамынан өлім-жітімнің көптігі туралы барлық пайымдаудың еш дәлелі жоқ. Сол себепті Әзербайжан халқына бұл мәселеге қатысты уайымдамауға болады.

«Британдық» штамға қатысты соншалықты пессимистик көзқарас танытпас едім. Ол 110-нан астам елде тіркеліп отыр. Оның әдеттегі штамнан аса айырмашылығы жоқ, тек жылдам тарайды. Одан өлім-жітім анағұрлым көптігі жөнінде еш дәлел жоқ», - деді медицина маманы. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер