Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әзірбайжан мен Армения келісімге келді

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты 10 қазан сағат 12:00-ден бастап тоқтату туралы келісімге келді.

Әзірбайжан мен Армения келісімге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Лавров қақтығысты тоқтатудың нақты ережелері бөлек келісілетінін айтты. 

«Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы ЕҚЫҰ Минск тобының төрағаларының көмегімен бітімгершіліктің негізгі қағидаттары негізінде бейбіт келісімге тезірек жету мақсатында субстантивті келіссөздерді бастап жатыр», – деді Лавров.

Баку мен Ереван Қарабақта қақтығысты тоқтату күшіне енгеннен кейін қаза тапқандар мен тұтқындармен алмасуды бастауға келісті.

Ресейде, Армения және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Зохраб Мнацаканян және Джейхун Байрамовтың Мәскеуде Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша келіссөздері аяқталды, кеңесу 10 сағаттан аса уақытқа созылды. Кездесу толығымен жабық форматта өтті, келіссөздер басталғанға дейін тараптар мәлімдеме жасаған жоқ.

«Тараптар келіссөздер процесі форматының өзгермейтінін растайды», – деді Лавров. 

Кездесу нәтижесінде бірлескен құжат келісілді.

Қазір оқып жатыр

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

Алматы

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция