Әзірбайжан Мәмбетов жайлы кітап басылды

Бүгін Алматыда ЮНЕСКО аясында мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығында «Азербайжан Мамбетов: путь к славе», атты кітабының тұсаукесері өтті.
Алматы, NEGE. Кітаптың авторы – журналист және жазушы Назым Сапарова. Шара онлайн форматта өтті.
«Кітап жазу жұмысы төрт жыл бұрын басталған. Жазуға, деректерді тексеруге, сұхбат алуға үш жыл уақыт кетті. Бұл мен үшін ерекше кітап болды. Бұл - әңгіме жанрындағы баяндау. Мен оның өмірін негізге алдым. Оның қалай дүниеге келгенін, отбасы, екінші дүниежүзілік соғыстан қалай аман-есен оралғаны, балалар үйіне қалай тап болғаны, хореографиялық училищесіндегі кезі және қалай режиссер болуға шешім қабылдағанын жаздым», – дейді жазушы.
Оның айтуынша, Әзірбайжан Мәмбетовтің өнерге деген құштарлығы 12 жасында оянған. Ол Шәкен Аймановтың «Алтын мүйіз» фильмінде ойнады.
«Осы картинадан кейін ол режиссер боламын деп шешеді. Оның арманы орындалды. Ол – алдына үлкен мақсат қойған адам. Жетім бала өмірінің соңында «Халық қаһарманы» атанады, бұл– ең жоғарғы марапат. Ол халықының сүйіспеншілігіне бөлене білді. Адамдардың ол кісіні қалай құрметтейтінің өз көзіммен көргенмін. Тірі болса, көптеген шедевр жасайтын еді», – деп атап өтті автор.