USD
USD
USD

Әзілқой ақтөбелік қылмыстық жазаға тартылады

Әзілқой ақтөбелік қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әзілқой ақтөбелік қылмыстық жазаға тартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 23 қазанда сағат 22.24-те Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО “102” телефонына ер адам қоңырау шалып, “Троя” дәмханасына бомба қойғанын хабарлады. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына барып, дәмханада жарылғыш құрылғыларға тексеру ұйымдастырды. Дәмханаға келген 87 адам мен қызметкерлер эвакуацияланды.

Жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасады деген күдікпен патрульдік полиция қызметкерлері Қобда ауданының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қалжыңдап айтқанын түсіндірді. Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
 

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай