USD
USD
USD

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов егіз қыздардың әкесі атанды

Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов егіз қыздардың әкесі атанды. Сүйінші жаңалықты айтыскер Айнұр Тұрсынбаева халыққа жеткізді. 

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов егіз қыздардың әкесі атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айнұр Тұрсынбаева көпшіліктен сүйінші сұрап, Нұрболхан Шараповтың егіз қыздардың әкесі атанғанын айтты. Әзілкештің егіздері Түркияның Стамбұл қаласында өмірге келді.

«Стамбұл уақытымен кешкі 21:00, Қазақстан уақытымен түнгі 00:00. Нұрболхан Шарапов егіз қыздардың әкесі атанды. Келіншегі егіз қыздарды өмірге әкелді. Барлық сайттар жаза берсеңіздер болады. Бұл керемет жаңалық. Сүйіншісін маған беріңіздер», – деп жазды Тұрсынбаева. 

«Сүйiншi, ағайын! Ойламаған жерден егiз қыздарым Стамбұлда дүниеге келдi. Ендi менде 3 қыз. Аллаһ бере салғандарым. Жағдай қалай болғанын жазуға уақыт болмай тұр. Әзiрге құттықтау жаза берiңiздершi. Сосын, арнайы пост жазып түсiндiрермiн. Сәби сүйгiсi кеп жүргендерге егiзiмен бұйырсын! Аллаһқа шүкiр, қуаныштымын!», – деп жазды әзілкеш парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы