USD
USD
USD

Азық-түлікті қымбаттатқан 180 кәсіпкер жазаға тартылды

Төтенше жағдай кезінде тоғыз әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға белгіленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Азық-түлікті қымбаттатқан 180 кәсіпкер жазаға тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ішкі сауда субъектілері бөлшек сауда бағаларының шекті деңгейіне сәйкестігін қалай қадағалайтынын айтты

- Бағаны тұрақтандыру үшін сауда және интеграция, ұлттық экономика және ауылшаруашылық министрліктерінің бірлескен бұйрығымен төтенше жағдай кезінде тоғыз әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға белгіленді. Сонымен қатар, министрлік әкімдіктерге ішкі сауда субъектілерінің бөлшек сауда бағаларының шекті мөлшерін сақтауын бақылау бойынша ұсыныстар жіберді. Осы ұсыныстарды орындау үшін әкімдіктер мен министрліктің аумақтық бөлімшелері тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, сол жұмыстың қортыныдысы бойынша 180 әкімшілік айыппұл салынды, - деді Сұлтанов.

Ол биыл 22 наурыздан бастап төтенше режим кезеңінде 7 тауардың экспортына тыйым салынған жеткізді. Олар - қарақұмық, қант, картоп, пияз (сарымсақ), күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы. Сондай-ақ министр сәбіз, алшын, қызылша, қырыққабат, бидай ұны және жұмсақ бидайдың ай сайынғы экспортын квоталауға да тыйым салынғанын еске салды.

- Сонымен қатар, биылғы жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әкелу мен сату кезінде қосымша құн салығының ставкасы 12% -дан 8% -ға дейін төмендетілді, - деп қорытындылады өз сөзін министр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы