USD
USD
USD

Азық-түлік тауарларының қоры жасалды

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қорлары жасалды.

Азық-түлік тауарларының қоры жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары шоғырланған, олар 3 ай бойы халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін жеткілікті.

Жеткізушілердің географиясын кеңейту және тәуекелдерді төмендету шеңберінде дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүргізілуде: Қазақстанда 2022 жылғы тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар.

Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің «айналым схемасын» пайдалануды және тұрақтандыру қорларынан интервенцияларды қоса алғанда, бірқатар шаралар қабылдайтын болады.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков