USD
USD
USD

Азық-түлік сатып алуда шектеу енгізілді

Нұр-Сұлтанда бір адамға азық-түлік сату бойынша шектеу енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев айтты.

Азық-түлік сатып алуда шектеу енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгіннен бастап елордада карантин енгізілді. Осыған байланысты барлық ірі сауда орындары жабылған. Оларда азық-түлік пен қажетті тауарларды сататын нысандардан басқа дәріханалар, банктердің кассалары қалыпты жұмыс істейді. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген нысандар қалыпты режімде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; санитарлық және дезинфекция шараларын күшейтуге; кезекте тұрған сатып алушылардың арасында 1 метр қашықтықты қамтамасыз етуге тиіс», – деді ол.

Мұнан бөлек, оның атап өтуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен негізгі қажетті тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге, азық-түлік тауарларының оның ішінде көкөністер мен жемістерден басқа сусымалы тауарлар мен кептірілген жеміс-жидектерді қапталған күйінде сатуға міндетті.

«Сусымалы тауарларды яғни қант, күріш, қарақұмық сатуды бір қолға 5 келіге дейін, күнбағыс майын - 5 литрге дейін шектеуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындары да, атап айтқанда мейрамханалар, дәмханалар, асханалар жабылады. Сондай-ақ, олар онлайн тапсырыс беру мен жеткізу бойынша жұмыс істей алады. Карантин кезеңіндегі елорданың барлық басқа шаруашылық нысандары жұмысы тоқтатылуы тиіс. Бұл мәжбүрлі шара. Өйткені адам денсаулығы басым болуда. Сондықтан түсіністікпен қарауыңызды сұраймын», – деді Ерлан Бекмырзаев.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

.

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша