USD
USD
USD

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНДІРУДЕ ШЫМКЕНТТІҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауылшаруашылығы бағытында биыл іске қосылған нысандардың жұмысымен танысты.

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНДІРУДЕ ШЫМКЕНТТІҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қаратау ауданы, Алматы тас жолында орналасқан «AgroPark» ШҚ жылыжай кешені биыл жүзеге асқан ірі жобалардың бірі.

5,2 гектар аумақта орналасқан жылыжай кешені жылына 1500 тонна қызанақ пен қияр өндіреді. Тартылған инвестиция көлемі - 1 300 млн теңге. Кәсіпкерге 331,5 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген.

Аграрлық өнімдер жылына екі мәрте жиналады Кешенде қажетті климаттық ахуал мен топырақ құнарлығын сақтау процесстері автоматтандырылған.

Шаруа қожалығы 45 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Персонал аграрлық технологияны сақтау мәселесі бойынша дайындықтан өткен.

Қала әкімі Шымкентте тамақ өнеркәсібін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар екенін айтты. Ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен қамту маңызды міндет екеніні көңіл бөлген Мұрат Дүйсенбекұлы, сала жетекшілеріне бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек