USD
USD
USD

Азық-түлік қоры жеткілікті ме?

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің азық-түлік тауарларының негізгі 32 санатымен қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізіп отырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Азық-түлік қоры жеткілікті ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мониторинг барысында тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорлар апта сайын бақыланады.

Өңірлердің 13 мамырдағы деректері бойынша, республикада жалпы көлемі 1,2 млн тонна болатын түрлі азық-түлік тауарлар қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 625,2 мың тонна, қоймаларда – 173,2 мың тонна, сауда желілерінде – 345,1 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,6 мың тонна қор бар. Бұдан бөлек, 319,9 млн дана жұмыртқа және 5,6 млн тонна азық-түлік бидайы бар.

«Айта кету керек, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан, азық-түлік тапшылығы жоқ және болмайды да», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева