USD
USD
USD

Азық-түлік қымбаттап жатыр ма?

Індеттің салдарынан азық-түлік бағасы шарықтап кетті.

Азық-түлік қымбаттап жатыр ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл коронавирус пандемиясы басталғанда азық-түлік бағасы рекордтық көрсеткішке өскен. Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай кезінде әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы 4,1 процентке көтерілді. Доллар бағамы біршама төмендесе де, халық тарапынан жоғары сұранысқа ие тауарлар тағы қымбаттап кетті. Сонда үкімет қолға алған шаралары тиімсіз болды ма? 

Ресми мәліметке сәйкес, биыл төтенше жағдай кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 4,1 процентке көтерілген. Әсіресе, 17-24 наурыз аралығында, яғни төтенше жағдай енгізілген алғашқы аптада бағалар рекордтық 1,7 процентке өскен. Шыны керек, сол кезде халықтың дүрлігіп кеткені сонша, дүкен сөрелерінде жиі тұтынатын тауарлар қалмады, адамдар азық-түлікті артығымен алды. Содан тапшылық туындады.

Ал сұраныс шарықтап тұрғанда ұсыныс аз болса, баға көтерілетіні белгілі. Нарықтың басты заңдылығы іске асты. Әрине, ондайда кәсіпкерлердің жауапкершілігін де ұмытпау қажет. Өйткені осы жағдайдан пайда тапқысы келгендер де аз болмады.

Ал үкімет не істеді? Олар бағаны тұрақтандыру мақсатында ұн, нан, түтік кеспе, қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, сиыр еті, жұмыртқа мен тұз сияқты әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағаны енгізді. Бұдан бөлек, қарақұмық, қант, картоп, пияз, күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы мен қарақұмық жармасын сыртқа шығаруға тыйым салынды. Ал сәбіз, репа, қызылша, қырыққабат, бидай ұны және жұмсақ бидай бойынша ай сайынғы квота белгіленген болатын.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қолға алынған шаралардың арқасында баға өсімі тоқтатылдф. Алайда ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында тағы баға өсімі тіркелді. Атап айтқанда, қазан айында азық-түлік бағасы 2,8 процентке көтерілсе, қарашада 2,3 проценттік өсім болды.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

.

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

авиаотын