USD
USD
USD

Азық-түлік дүкеніне маскамен кіру міндеттеледі

Алматыда азық-түлік дүкендеріне келушілерге маска тағу міндеттеледі.

Азық-түлік дүкеніне маскамен кіру міндеттеледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилева мәлімдеді.

Азық-түлік дүкеніне келушілерде маска жоқ болса, қызметкерлер бетперде беруі тиіс.

«Дүкендерге тек маскамен кіруге болады. Егер келушінің маскасы болмаса, оған қызметкерлер беруі керек. Сауда орындарында осының бәрін қадағалайтын жауапты тұлға болуы тиіс. Сауда орнында санитайзерлер қойылуы керек. Санитарлық торапта сабын жеткілікті болуы шарт», - деді ол.

Ал дүкендерде қызмет көрсететін қызметкерлер де маска тағып, қолдарына бір реттік қолғап киюге міндеттеледі. Наталья Дягилеваның айтуынша, маска таусылған жағдайда кәсіпкерлер сатып алуы тиіс.

«Келушілер де, сатушылар да осы талапты орындауы тиіс. Олай болмаған жағдайда жаза қолданылады», - деді ол. 

Қазір оқып жатыр

Бейнеу ауданының ең жас мектеп директоры сайлауда дауыс берді

Балуанияз Демеуов

Хакерлер BilimClass платформасындағы пән атауларын өзгерткен

Смартфон

Атырау облысында 425 мыңнан астам азамат дауыс бере алады

.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Сайлау