USD
USD
USD

Азық-түлік бағасын көтергендер жауапкершілікке тартылды

Елордада бірқатар супермаркеттер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтергені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Макен.

Азық-түлік бағасын көтергендер жауапкершілікке тартылды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Бағаны негізсіз көтергендері үшін бірқатар кәсіпкерлер жауапқа тартылды – бұл «Интерфуд», «Встреча» және басқа супермаркеттер. Басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 100 АЕК құрайды, бұл шамамен Т265 мың», - деді Макен жұмадағы брифингте.
Оның айтуынша, бағаның негізсіз өсуіне мониторингті әкімдіктегі мобильді топ прокуратура, монополияға қарсы комитет қызметкерлерімен бірге тұрақты негізде жүргізіп отырады.
«Бұл ретте егер азаматтар аталмыш деректерді анықтап жатса, олар жедел штабқа хабарласа алады, және біз ондай бұзушылыққа жол беріп отырған кәсіпкерлік субъектілеріне шара қабылдайтын боламыз», - деді әкім орынбасары.
 

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев