USD
USD
USD

Азық-түлік бағасы қымбаттады

2020 жылғы тоғыз айда ауылшаруашылық құралымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 7,9%, өсімдік шаруашылығы өнімі - 10,3%, мал шаруашылығы өнімі - 0,7% қымбаттады. Бұл туралы  Статистика комитеті хабарлады.

Азық-түлік бағасы қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Комитеттің хабарлауынша, 2020 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда баға бидайға 2%, арпаға – 1,4%, сұлыға – 1%, тарыға – 0,6% өсті.

Баға қиярға 7%, бақша дақылдарына – 1,6%, пиязға – 0,6% өсті, ал асханалық қызылшаға 2,6%, қызанақ және қырыққабатқа – 1,3%-дан, картоп және асханалық сәбізге – 1,1%-дан төмендеді.

Кептірілген бұршақ 2,7%, кептірілген жасымық – 1,3%, азықтық дақылдар және майлы тұқымдары – 1,1%-дан қымбаттады, ал жүзім 1,3%, жемістер және жидектер – 1,2% арзандады.

Жылқы және құс еті 1%-дан, ірі қара мал еті – 0,5%, қой еті – 0,4% қымбаттады. Баға жұмыртқаға 7%, балға – 1,1%, шикі сиыр сүтіне – 0,9% өсті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы

Елдос Сметов ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов