USD
USD
USD

Азиада: кеше Қазақстан құрамасы бір күміс, үш қола медаль еншіледі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия ойындарында Қазақстан командасы 29 қыркүйек күні бір күміс және үш қола медаль жеңіп алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азиада: кеше Қазақстан құрамасы бір күміс, үш қола медаль еншіледі
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. "Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиаданың күміс медалін жеңіп алды. Финалда біздің спортшылар Жапонияның командасынан (35:36) жеңіліп қалды.

Велотректен Қазақстан ерлер құрамасы (Рамис Дінмұхамедов пен Артем Захаров) мэдисон бағдарламасының финалында 37 ұпай жинап, 3-ші орынға ие болды", - деген министр.

1: 52: 25 уақыт аралығында үш кезеңнен өткен Аян Бейсенбаев триатлоннан қола медаль жеңіп алды.

Жеңіл атлетикадан еліміздің қоржынына алғашқы жүлдені Каролин Чепкоеч Кипкируи салды. 10 шақырымдық жарыста ол үшінші келді.

"Шахматтан әйелдер құрамасы бірінші турда БАӘ командасын 4:0 есебімен жеңді, ерлер құрамасы Таиландтан 3,5:0,5 есебімен озық шықты.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азиададағы 4-ші матчта Таиланд командасын 13:8 есебімен жеңді.

Хоккейден Қазақстанның әйелдер командасы Индонезиядан келген қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді", - делінген Ермек Маржықпаевтың жазбасында.

92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Сағындық Тоғайбай Ираннан келген қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Ал Карина Ибрагимова (57 кг) Солтүстік Кореядан келген спортшыны жеңді.

6-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 19 қола жүлде бар.

Қазір оқып жатыр

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер

Қазақстанда мобильді аударым лимиті 1 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қоңырау