USD
USD
USD

Азиада-2023: Абиба Әбужақынова финалға шықты

Дзюдошы Абиба Әбужақынова (48 кг дейінгі салмақ) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты.

Азиада-2023: Абиба Әбужақынова финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жерлесіміз жартылай финалда Оңтүстік кореялық Ли Хек Енгті жеңді. Сәл ертеректе Әбиба алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея палуанын ұтқан.

Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 кг) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимге (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін күресетін палуанды күтеді.

Сонымен қатар сағат 16:00-де тағы бір отандасымыз Ғалия Тынбаева (52 кг) қола медаль үшін таласады. Ғалия ширек финалда Моңғолия дзюдошысына есе жібергенімен, жұбаныш белдсуінде Ахлия Муминовадан (Тәжікстан) айласын асырды.

Ал Ұлттық құрама спортшысы Ғұсман Қырғызбаев 1/8 айналымда Ливан палуанын жеңген. Алайда келесі кездесуде Тәжікстан спортшысының мықты екенін мойындады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс