USD
USD
USD

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Жапонияда өткен Азиада-2026-да жеңіп алған алтын медалін қайтаруға мәжбүр болған Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйлады.

Ясмина Тоқсанбаева
Фото: Жеңіл атлетика федерациясы

Астана, NEGE. Федерация өкілдерінің мәлімдеуінше, спортшы қызға пәтер сыйлауға демеушілер де қолдау білдірген.

«Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы XX Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарының жүлдегер спортшылары мен олардың жаттықтырушыларын салтанатты түрде марапаттады. Азия ойындарында ерекше ерлік көрсеткен Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ұлттық құраманың табысты өнер көрсетуіне үлес қосқан мамандарға арнайы сыйақылар тағайындалып, спортшылардың дайындығына қолдау көрсеткен серіктес ұйымдарға алғыс хаттар табысталған.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттаған еді.

Тоқсанбаева спорттық жүрістен 42,195 шақырымдық марафонды 3 сағат 22 минут 20 секундта бірінші болып аяқтаған. Алайда кейін оның нәтижесі World Athletics ұйымының талаптарына сай келмейтін аяқ киім кигені үшін есепке алынбады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев

Қазақстан Теңіз үшін тартысты жалғастыра ма?

Теңізшевройл

«Бойымды сан түрлі сезім биледі»: Жетісуда 31 жастағы келіншек дүниеге төртем алып келді

Сәбилер, ата-анасы мен дәрігерлер

Қаракемердегі жасөспірімдер қазасы: прокурорлар сұмдық жайтты әшкереледі

Күдікті