USD
USD
USD

«Ажыратқан»: Павлодар облысы ПД бастығы орынбасарының әрекеттері тексеріледі

Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Думан Қожахметов төбелеске қатысушыларды ажыратқан. Оның іc-әрекеттері әлі тексеріледі. 

tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Астана, NEGE. Астана ПД мәліметінше, Думан Қожахметовтің елорда тұрғынына дене жарақатын салғаны туралы ақпарат расталмады. Сонда да оның әрекеттеріне қызметтік тексеріс аясында құқықтық баға беріледі.

«Тәркіленген бейнежазбаларға қарағанда, 7 желтоқсанға қараған түні бұрыннан таныс екі азамат арасында қақтығыс болған. Оларды полиция қызметкері ажыратқан. Ол кезде қызметкер демалыста болған», — делінген хабарламада.

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Бұған дейін журналист Михаил Козачков Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Думан Қожахметовтің үстінен полицияға арыз түскенін хабарлады.

Козачковтың жазуынша, полиция полковнигі Қожахметов екі танысымен мейрамханада демалған. Кейін олардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 49 жастағы ер адам дене жарақатын алып, полицияға жүгінген, артынша ауруханаға түскен. Шағымданушы арызында полковник Қожахметовтің жұдырық жұмсағанын көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы