Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ажырасудан ТМД-да бірінші орындамыз

ТМД ішінде ажырасуға арыз жазатындардың ең көбі Қазақстанда екен. Мұндай мәліметті «Бақытты отбасы» ресурстық қолдау орталығының мамандары айтты, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Ажырасудан ТМД-да бірінші орындамыз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Журналистерге есеп берген ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл орталыққа 2 500-ден аса адам жүгініпті. Олардың 2 423-і ажырасу мәселесімен келіп, тек 871-і орталық мамандарының кеңесінен кейін татуласқан. «Сотқа келіп түскен істердің былтыр 70 пайызы ажырасса, биыл 47 пайызы ажырасты. Оның көп ісі қысқартылады. Іс қысқартылды деген сөз –  ол екі жақ татуласады да, арыз беріп, істі қараудан бас тартады», – дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Бақыткелді Тұрлыбеков. Ал, психологтардың айтуынша, ажырасуға арыз беретіндер –  көбіне үйленгендеріне 1 немесе 2 жыл болған жас жұбайлар. Тіпті араларында сәбидің болуы отбасын сақтап қалуға септеспейді екен. Сондықтан шаңырақ көтерер алдында жауапкершілікті сезініп, кез келген қиындыққа дайын болу керек дейді олар. «Бір байқағанымыз, отбасының бұзылуына үшінші адам ықпал етеді. Ол жұбайлардың арасына түсіп, олардың ажырасуына себеп болады», –  деді «Бақытты отбасы» ресурстық қолдау орталығының психологы Гаухар Онжарова.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев