USD
USD
USD

Ажырасу дерегі көп тіркелетін ел қайсы?

 2020 жылы әлемдегі ажырасу деңгейі ең жоғары мемлекет Мальдив аралдары болды.

Ажырасу дерегі көп тіркелетін ел қайсы?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай деректерді World Population Review Дүниежүзілік халық санағы бюросы жариялады. Онда 1000 адамға бес ажырасудан келеді. Негізгі себептердің бірі – өзара келіспеушілік. Мұнда некелесу, ажырасу оңай.

Беларуссияда да ажырасу көп. Билік бұл демографияға қауіп деп санайды. Бұл Жоғарғы Соттың пленумында талқыланды. 2018 жылы ажырасулар саны 48 %-ға, 2021 жылы 57 %-ға жетті. 2020 жылы 70 %-ды көрсетті. Сот практикасы бойынша, некені бұзуға негізінен әйелдер мүдделі.

Ажырасу 35-45 жаста жиі болады. Негізгі себептер – тұрмыстық зорлық-зомбылық және көзге шөп салу. Алдын алу шаралары ретінде Жоғарғы Соттың пленумы арнайы қаулы қабылдады. Енді әр отбасына татуласу үшін кем дегенде үш ай беріледі.

Ажырасу деңгейі ең төмен елдер арасында Шри-Ланка көш бастап тұр. Мұнда 1000 адамға 0,15 ажырасу бар. Одан кейінгі тізімде Вьетнам мен Гватемала тұр. Бұл елдерде ажырасудың аздығы бақытты некенің көптігін білдірмейді. Олардың кейбіреулерінде ажырасуды заңды түрде рәсімдеу қиын, сол себепті бөлек тұра береді. Сондай-ақ әйелдерге қаржылық жағынан баланы қарау қиын болғандықтан, шыдауға мәжбүр.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай