USD
USD
USD

Әжейдің 100 млн теңгесін жымқырған ұрылар қорапта қалған аяқ іздері арқылы табылды

Әжейдің 100 млн теңгесін жымқырған ұрыларды криминалист қорапта қалған аяқ іздері арқылы анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 2023 жылғы маусымда Петропавл қаласындағы пәтерлердің біріне қоңырау соғылды. Егде жастағы әжей есікті ашты. Босағада суға арналған «Аквафор» сүзгісі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнатуды ұсынған екі жас жігіт тұрды.

Ақкөңіл әжей шақырылмаған қонақтарды үйге еш алаңдамастан кіргізеді. Жас жігіттер уәде еткен жұмысты орындап, еш күдік тудырмады. Әжей көрші бөлмеден ақша алып шығып, орнатқан құрылғы үшін төлем жасайды.

Осы сәтте жігіттердің бірі ақша жасырылған жерді байқап қалған еді. Алаяқтар әжейді алдамаққа бекінеді. Олардың біреуі әжейді сөзге айналдырса, екіншісі көрші бөлмеге өтіп, 100 млн теңге қаражатты жымқырқған.

Жігіттермен қоштасқан әжей ақшаның қолды болғанын да сезбей қалады. Ақшаның ұрланғаны туралы бірнеше күн өткеннен кейін белгілі болды.

Құрамында Петропавл қаласының ПБ ЖКБ аға криминалисі Ербол Мусин бар полиция қызметкерлері оқиға орнына келген бойда қылмыстың мән-жайы туралы нақтылай бастады. Ербол пәтерді мұқият қарап шығып, алаяқтар қалдырған сүзгі құрылғысының қорабынан іздерді тапты.

Іздер бойынша қылмыскерлердің жеке басы да анықталды. Олар Қостанай облысының тумасы болып шықты және біреуінің Петропавл қаласында тұрақты тұратыны белгілі болды.

Криминалистің кәсіби іс-қимылы негізінде қылмыс қысқа мерзімде ашылды, ұрылар ұсталып, ақшалай қаражаттың бір бөлігі әжейге қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов Ресейге қатысты CAS шешімін FIDE үшін «қызыл сызық» деп атады

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев