USD
USD
USD

Әжесінің үйінде «синтетика» жасырған: СҚО-да есірткі сатқан жасөспірім ұсталды

СҚО полицейлері есірткі сатты деген күдікпен жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Петропавлда жедел уәкілдер аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен жасөспірімді ұстады. Ұсталған кезде жігіттен ішінде ұнтақ тәрізді ақ түсті зат салынған және сатуға дайындап қойған 10 түйіншек тәркіленді. Тұрғылықты мекенжайынан есірткіні буып-түюге арналған материал табылып алынды.

Күдікті есірткіні әжесінің үйінде сақтаған. Немересінің әрекетінен бейхабар әжесі үйінен ірі көлемдегі 3 пакет есірткі табылғанда қатты шошыды. Сараптама нәтижесі тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 191 грамды құраған α-PvP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті.

 Қолға түскен кезде күдікті 17 жаста болды. Қамауда отырғанда кәмелеттік жасқа толды.

– Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергелуде. Ұсталған жігіт қашықтықтан есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде небәрі 3 айға жақын уақыт жұмыс істеп үлгерген. Тәжірибе көрсеткендей, есірткі таратушылардың жұмыс мерзімі осындай, бұдан кейін олар қамауға алынып, сотталады. Жастардан жеңіл жолмен ақша табу туралы ұсыныстарға сенбеулерін сұраймыз. Аса ірі көлемде есірткі өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске саламыз, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында есірткі таратқаны үшін кәмелеттік жасқа толмаған 2 жасөспірім сотталды.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.