2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

«Әжесі, анасы, ағасы, әкесі жалғыз бір Шерзатты қорғай алмады ма?» – Сотталушының анасы

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша  сот отырысы аяқталуға жақын. 

Сот
Фото: Жоғарғы сот

Сот отырысында кешеден бері тараптар жарыссөзде өз пікірлерін білдіріп жатыр. Бүгінгі сот отырысында айыпталушылардың ата-аналары, туыстары сөз сөйледі.

Жарыссөзде сотталушылар Тоқтаубаев Азамат пен Тоқтаубаев Нұрболдың анасы Кемелбекова Айгүл оқиғаның басталуына жәбірленуші Нұрымов Қаржаубайдың өзі түрткі болғанын айтты. 

«Ең алдымен, ана ретінде Шерзаттың отбасынан кешірім сұраймын. Болған жағдай бәріміз үшін өкінішті. Бұл оқиғада ешкім қасақана барып, адам өлтірген жоқ. Бәрі аяқасты болған жағдай. Біріншіден, оқиғаның басталуына жәбірленуші Нұрымов Қаржаубайдың өзі түрткі болған. Бұл бейнежазбада көрініп тұр. Сол жерде 4 адам жүр. Балалар бармай тұрып, әжесі, анасы, ағасы, Қаржаубай жүр. Сонда жалғыз бір Шерзатты қорғай алмағандары ма? Нұрбол мен Дарханның жарақат алғанына қарамастан пышақ алып, қарсы шығып жүр. Осындай жағдай баланың өліміне алып келді. Нұрбол Әскентай Дарханды алып кету үшін барған. Ақша төлемеді деген сылтаумен, Қаржаубай өзі осындай төбелеске итермелеп тұр. Үйінде жатқан ағасын шақырып алады. Шерзат балаларын шақырып алады. Сонда неге сол кезде шамасы жетпей жатыр? Неге өздері 102-ге хабарласпаған? Мені сол ой мазалайды. Жәбірленуші жақтан да айтылған сөздердің көбі өтірік, шындықтан да қтіріктері көп. Бұл біздің балаларымыздың тағдыры. Енді ол бала өлді екен деп... Екі жақты да теңдей қарау керек. Бейнежазбада менің балаларым ортасында біреуді ажыратып жүргеннен басқа, біреуге қарсылық танытып жатқаны көрінбейді», – деді анасы. 

Ол соттан әділ шешім шығаруды сұрады. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер