USD
USD
USD

Әжелердің құлағынан сырғаларын жұлып алған ер адам ұсталды

Алматыда әжелердің құлағынан сырғаларын жұлып алған ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Әжелердің құлағынан сырғаларын жұлып алған ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы. NEGE. 37 жастағы қарақшы өтіп бара жатқандардан ұялмай, әжелерге шабуыл жасаған.

Кей жағдайда оның іс-әрекетін бейнебақылау камералары түсіріп алған.

«Қаскөй өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б.есімді азамат. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған ол әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, одан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты. Аталған дерек бойынша көп эпизодты қылмыстық іс қозғалып жатыр», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Белгілі болғандай, Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс істеуге келген. Қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған.

Ол бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал тергеушілер оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік