USD
USD
USD

«Әжеден ғибрат» клубы құрылды

Ақтау қаласында ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Әжеден ғибрат» клубы құрылды. 

«Әжеден ғибрат» клубы құрылды
Фото: NEGE.kz

Алмаы, NEGE. «Әжеден ғибрат» клубы саналы тәрбие мен салт-дәстүрді жас ұрпақ бойына сіңіру үшін танымдық сабақтар өткізеді.

16 ақпан күні клуб мүшелері «Microsoft Teams» онлайн платформасында бас қосып, алғашқы кездесу өткізді.

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Зере Құрманбайдың әжесі Рысты Дюмбаева ұршық иіру жолдарын көрсетті.

Клуб мүшелігінде 7, 8 және 11-сынып оқушыларының әжелері бар.

Олар әзірге «Халқын сүйген – салтын сүйер», «Он саусағынан бал тамған», «Қазақ – қонақжай халық» атты үш тақырыпта сабақ өткізеді.

Әжелер алдағы уақытта ұлттық сусындар мен тағамдарды дайындау әдісін көрсетеді. Бұдан бөлек, киіз үй жабдықтары мен тоқыма тоқу, ою бастыруды үйретеді.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі