USD
USD
USD

Ажар Ғиният немересінің қызылшаға қарсы екпе алғаннан кейінгі жағдайын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде қызылшаға қарсы вакциналарға халықтың сенімін арттыру үшін қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ажар Ғиният немересінің қызылшаға қарсы екпе алғаннан кейінгі жағдайын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ажар Ғиният жалпы халықтың вакцинаға сенімі бар екенін жеткізді.

"10 айда жоспарлы екпе алуға келмегендердің саны пайызға шаққанда аз. Бұл кісілер кейбір сарапшылардың, антиваксерлердің пікірін тыңдайтындар. Діни себептермен бас тартатындар да бар. Ал күмәні болса да, жеткілікті түрде түсіндірмелерді естіген соң, сенімді болып, екпе алатындар да жетеді. Негізінен кішкентай балалар зардап шегетінін ескеріп, қазір біз ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмысты өзім бастадым, адамдар вакцина қауіпсіз, тиімді екеніне сенсін деп 5 жасар немеремді емханаға апардым", - деді министр.

Ол кенже немересі 5 жаста екенін және оның екпе алғанын айтты.

"Төртінші күні дене қызуы көтеріліп, сол себепті құса берді. Дәрігерлер мұны вакцинаға реакция деп бағалады. Бір күннен кейін бұл белгілер жоғалып кетті. Сондықтан мен сіздерге қалай бар, солай айтып отырмын. Осындай реакциялар болуы мүмкін", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар