2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Әзербайжан мен Армения басшылары Трампты Нобель сыйлығына ұсынбақ

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен бірге АҚШ президенті Дональд Трампты Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсыну мүмкіндігін айтты, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.  

Трамп
Фото: видеодан скрин

Алматы, NEGE. Бұл туралы Әлиев Вашингтонда Трамп және Пашинянмен бірлескен баспасөз мәлімдемесі кезінде айтты.

– Мүмкін біз премьер-министр Пашинянмен келісіп, Нобель сыйлығы комитетіне бірлескен бастама жасайтын шығармыз. Дональд Трамп бұл марапатқа лайық, – деді Ильхам Әлиев.

Еске салайық, Армения мен Әзербайжан бейбіт жолмен реттеу туралы бірлескен декларация қабылдап, оны Вашингтонда қол қойып бекітті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды. Оның айтуынша, Әзербайжан мен Арменияның мұндай келісімге қол қоюы – АҚШ президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясының арқасы. Ол Әзербайжан және Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан көреген шешім қабылдауға көндіре алды.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев