USD
USD
USD

Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөз қалай аяқталды?

  10-11 мамырда Қазақстанның Алматы қаласында Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасында келіссөздер өтті. Осы келіссөздер нәтижесі бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері баспасөз хабарламасын таратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Келіссөз
Фото: ҚР СІМ

Алматы, NEGE. “Министрлер шекараны делимитациялаудағы ілгерілеуді және осыған байланысты қол жеткізілген келісімдерді құптады. Министрлер мен олардың делегациялары 7екіжақты "Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастар туралы келісім" жобасының ережелерін талқылауды жалғастырды. Тараптар әлі де келіспеушіліктері бар қалған ашық мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті”, – делінген хабарламада.

Сапар аясында министрлер Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты, оның ішінде үшжақты форматта жеке кездескен.

Министр Джейхун Байрамов Қазақстан тарапына Әзербайжан мен Армения арасында келіссөздер жүргізгені үшін алғысын білдірген.

Армения тарапының да таратқан хабарламасы да Әзербайжан тарапымен ұқсас.

“Министрлер делимитация бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады. Министрлер мен олардың делегациялары Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастар туралы екіжақты келісім жобасының ережелерін талқылауды жалғастырды. Тараптар ашық мәселелерге байланысты әлі келіспеушіліктер бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті. Сапар барысында министрлер Қазақстан премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен жеке де, екіжақты форматта да кездесті. Министр Арарат Мирзоян Армения мен Әзірбайжан арасында келіссөздер жүргізгені үшін қазақстандық тарапқа ризашылығын білдірді”, – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Астанада балақша құрылысы негізсіз созбалаңға салынған

Балабақша

СҚО-да қаңырап бос тұрған тубдиспансерді 1 млрд теңгеге сатпақ

.

Наурыз мерекесі қарсаңында жүзден астам қосымша әуе рейстері ашылады

Ұшақ

Талғар мектептерінде буллинг 18%-ға төмендеді

мектеп