USD
USD
USD

Әзербайжанда Қазақстанның сауда үйі ашылды

Аталған орталық отандық бизнес қауымдастықтың Бакудегі алғашқы сауда өкілдігі болмақ.

Әзербайжанда Қазақстанның сауда үйі ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мақсат – екі елдің бизнес өкілдерімен іскерлік байланыс орнатып, «Қазақстанда жасалған» өнімдерді Әзербайжан нарығына шығару. Қазақстанның Әзербайжандағы сауда үйі тіркеуден өтіп, енді бизнес байланысты реттеу жағына кірісті. Сауда үйі басшылығының айтуынша, екі ел кәсіпкерлерінің өзара тиімді ынтымақтастық орнатуда болашағы зор.

Қазақстан сауда үйінің бас директоры Руфат Рзаев: «Әзербайжанда Қазақстанның сауда үйін құру идеясы биылғы жылдың басында келді. Ол Қазақстан елшілігінің тікелей көмегімен іске асты. Өкінішке қарай індет төңірегіндегі ахуал жоспарымызға бірқатар түзету енгізді. Соған қарамастан, жұмысымызды ары қарай жалғастырып келеміз. Күнделікті онлайн форматта кездесулер мен консультациялар ұйымдастырамыз. Екі ел арасында әуе қатынасы қайта жанданса, қазақстандық экспорттаушылардың қатысуымен Бакуде жәрмеңке өткізбек ойымыз бар» деді.

 Қазақстан Әзербайжанға көбіне бидай, мұнай өнімдері мен ауыр өнеркәсіп тауарларын жеткізеді. Бірақ сауда үйінің бастамашылары бұл тізіммен шектеліп қалмақ емес. Жоспарда тауарлар жәрмеңкесін ұйымдастыру мен B2B кездесулер өткізу бар.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

чернобыль

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Қоштасу рәсімі

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

ақша

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды

блогер соты