USD
USD
USD

Әзербайжанда қай партия жеңіске жетті?

Президент Илхам Алиев басында тұрған биліктің «Жаңа Әзербайжан» партиясы мерзімінен бұрын өткен сайлауда жеңіске жеткенін жариялады.

Әзербайжанда қай партия жеңіске жетті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Экзит-полл қорытындысына қарағанда, партия парламенттегі 125 орынның 71-ін алған. Жексенбіде өткен сайлауда азаматтардың 48 пайызы дауыс берген. Бұл осыған дейінгі сайлаулардың ішінде ең төменгі көрсеткіш болған. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының байқаушыларының пікірінше, өткен сайлауда көптеген заң бұзушылықтар орын алған. Ұйым сайлауға бірнеше партия қатысқанымен, әділ бәсеке болған жоқ деп есептейді.

Сайлауға 20 саяси партияның үміткерлері қатысты. Сонымен бірге бірқатар партиялар сайлауға бойкот жариялаған. Оппозиция өкілдері дауыс беру кезінде бюллетеньдер топ-тобымен тасталып, «карусель» әдісі қолданылғанын айтады. Мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді 2019 жылдың желтоқсан айында «Жаңа Әзербайжан» партиясы ұсынған. Оны ел президенті Илхам Алиев қолдаған.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas