USD
USD
USD

Әзербайжан үкіметі туризм саласына көңіл бөлмек

Індетке байланысты әлем елдері арасында әуе қатынасы тоқтағаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24». Салдарынан халықаралық туризм саласы тұралады. Енді мемлекеттер тығырықтан шығудың амалын жасап, ішкі туризмге үміт артып отыр.

Әзербайжан үкіметі туризм саласына көңіл бөлмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жазғы демалыс маусымы қарсаңында  Әзербайжан үкіметі ел аумағында туристердің қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етуде. Коронавирус экономиканың көптеген саласына нұқсан келтірді. Әсіресе, туризмге ауыр тиіп тұр. Қазір Әзербайжан үкіметі бұл саланы қайта жандандыруға ниетті. Елдегі карантин тәртібі де біртіндеп жеңілдетіле бастаған. 18 мамырда дәмхана, мейрамханалар ашылады. Бұл тұста қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Әзербайжанның туризм бойынша мемлекеттік комитетінің өкілі Кянан Гулузаде: "Туризм саласын қайта жандандырудың басты шарты, туристік нысандардағы денсаулық қауіпсіздігі. Негізгі санитарлық-тазалық ережелері мен әдістерін белгілейтін «Сахман» бағдарламасы әзірленді. Оны барлық отельдер, мейрамхана, дәмханалар сақтауы тиіс. Sahman белгісі қонақтарының қауіпсіздігіне кепіл болмақ" деді.

  Табысынан қағылып, енді қалай болады деп әзер отырған компаниялар қазір қонақ тартудың түрлі әдістерін меңгеруге көшкен. Соның бірі, тұтынушыларды ынталандыратын арнайы туристік пакеттер дайындау.  "Туристер келу үшін қолайлы баға болуы қажет. Қазір жағдай қиын екені түсінікті. Дегенмен барлығына тиімді болатын ұсыныстар дайындау мақсатымен туристік компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз" дейді маман.

Соңғы мәліметтер бойынша, Әзербайжанда бірінші тоқсанда отельдердің табысы 16 пайызға азайды. Тек наурыз айының өзінде қонақ саны екі есе қысқарған. Сондықтан ендігі басты мәселе, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ел аумағында саяхаттауға ынталандыру.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.