USD
USD
USD

Әзербайжан Арменияның АЭС-ін бомбалай ма?

Әзербайжан қорғаныс министрлігі әскери зымыранын Армения атом электр станциясына бағыттай алатынын айтып, сес көрсетті. Мұндай мүмкіндіктің барын Әзербайжан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің басшысы полковник Вагиф Даргяхлы меңзеген.

Әзербайжан Арменияның АЭС-ін бомбалай ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Арменя тарапы біздің әскеріміз қаруланған жаңа ракета жүйесі зымыранды Мецамор АЭС-іне жоғары дәлдікпен тигізе алатынын ұмытпауы тиіс" деп полковниктің сөзін келтірді агенттік.

Даргяхлы мұны Арменияның Азербайжандағы Мингечевир су қоймасының бөгетіне соққы жасауы мүмкін екені жөніндегі хабарламаларға жауап ретінде айтты.

Армения АЭС-сі 1976 жылы іске қосылған. Станция елдегі электр энергиясының үштен бір бөлігін өндіреді. Алайда ол жөндеу жұмыстары үшін 1 шілдеден бастап 3 қыркүйекке дейін тоқтап тұр.

Әзербайжан мен Армения 12 шілдеден бері әскери қақтығыс жағдайында. Баку 11 әскери, соның ішінде генерал-майор Полад Хашимовтің қаза болғанын хабарлады. Армения төрт адам қаза болып, ондаған адам жараланғанын айтты. Қақтығыс екі ел арасындағы әскери жанжал жиі болатын Таулы Қарабақтан алыста өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға