USD
USD
USD

Азаматтық авиация комитеті FlyArystan-ның орындалмаған рейсіне қатысты түсінік берді

Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша, рейс ауа райына байланысты орындалмады, әуе компаниясы тарапынан бұзушылықтар анықталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитеті FlyArystan-ның орындалмаған рейсіне қатысты түсінік берді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. "2023 жылғы 25 ақпанда "Fly Arystan" әуе компаниясының Астана-Шымкент КС-7307 рейсі "Эйрбас-А320" әуе кемесінде сағат 05-40-қа жоспарланған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (Шымкент әуе жайында қатты жел) рейстің ұшуы кейінге қалдырылды және одан әрі тоқтатылды", -дейді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті

Рейс мәртебесінің өзгеруінің барлық фактілері бойынша жолаушыларға тиісті хабарламалар жіберілгені де нақтыланады. 

"Ұшуды күту кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ таратылды. Сондай-ақ, өтініш білдірген барлық жолаушыларға билеттерді толық қайтару рәсімделді".

Сонымен қатар, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы факт бойынша қосымша тексеру жүргізеді және әуе компания тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады.

Комитеттегілер азаматтық авиациядағы басты басымдық ұшу қауіпсіздігі болып табылатыны ерекше атап көрсетті. 

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкім 43 мың теңге төлейтін болды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген