USD
USD
USD

Азаматтығын жоғалту бойынша өтініш қабылдау тоқтатылды

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтығын жоғалту бойынша өтініш қабылдауды тоқтатты, деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі.

Азаматтығын жоғалту бойынша өтініш қабылдау тоқтатылды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE.  «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңының 31-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты 2020 жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтатады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
СІМ-де нақтылағандай, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінуге болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.