USD
USD
USD

Азаматтарға вакцина алу міндеттелді

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы арнайы республикалық комиссия бірқатар санаттағы азаматтарға вакцина алуды міндеттеу жөнінде шешім шығарды.

Азаматтарға вакцина алу міндеттелді
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы» туралы заңға сәйкес, Өзбекстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қоғам үшін қауіпті инфекциялық жәнпе паразитарлық аурулар пайда болып, елде тараған жағдайда санитарлық және эпидемияға қарсы тиісті шараларды жүргізу жөнінде шешім қабылдауға құқылы.

«Аталмыш заңның 30-бабында эпидемияға қарсы санитарлық-гигиеналық шаралар өткізу және аурудың алдын алатын екпе салу секілді іс-қимыл кешені қарастырылған. Осыны ескере келе Өзбекстанның бас санитар дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық игілік және қоғам денсаулығы қызметінің бастығы Баходир Юсупалиев коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды міндеттеу жөнінде шешім қабылдады» делінген хабарламада.

Қабылданған шешімге сәйкес 18 жастан асқан белгілі бір санатқа жататын азаматтар үш дозалы екпені салдыруға міндетті. Аталған азаматтар 1 қыркүйекке дейін - вакцинаның бірінші компонентін, 1 қазанға дейін - екінші, ал 1 қарашаға дейін - үшінші компонентін ектіруге тиіс.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park