10 Қазан 01:10
...

Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетін «Qoldau» акциясы өткізілді

Qoldau
Фото: Qoldau

2024 жылдың 9 қазанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес, Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуда көмек көрсету мақсатында «Qoldau» акциясы өткізілді.

Алматы, NEGE. Акцияның басты мақсаты азаматтарға, кәсіпкерлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша көмек көрсету, кеңес беру. Акция барысында азаматтарға дәл сол орыннан мемлекеттік қызметтерді алу бойынша элеткронды өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ акцияға Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова, ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Мейірхан Нұрақынұлы Мухамедиев, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы Жанна Қайратқызы Бекенова, Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан басшы Айбек Әскербекұлы Әскербек, басшы орынбасары Мейіржан Әшірханұлы Ахмет, санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Бақытжан Тоқташұлы Рүстемов, эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Мөлдір Серікқызы Ахметова, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы Айдана Тишбековна Айтжанова қатысты.

Бұдан бөлек, акцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Азамат Ермекұлы Мейрамов қатысты.

Іс-шара барысында азаматтарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу тәртібі сияқты бірқатар мемлекеттік қызмет түрлері бойынша кеңестер берілді.

Бұндай іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес алдағы уақытта барлық аудандық басқармаларда және Департаментте өтетін болады, бұл туралы алдын ала Департаменттің интернет-ресурсында, «instagram», «facebook» әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарланады.