USD
USD
USD

Азаматтар зейнетақыға деп 11,7 триллион теңге жинады

Азаматтардың зейнетақы жинақтары тұрақты өсуде: соңғы бес жылдағы орташа жылдық өсу қарқыны 19% құрады. Жалпы қорда жиналған қаржы көлемі 11,7 триллион теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың дәл осындай уақытымен салыстырғанда 17,9% -ға көптігін жазады, Ranking.kz.

Азаматтар зейнетақыға деп 11,7 триллион теңге жинады
Фото: NEGE.kz

Егер жыл сайын 19 пайызға өсіп отырсақ, алдағы 4-5 жылда зейнатақы қорында 20 триллион теңге қордаланатын болады. Бұл қыруар қаржы. Ол үкімет жоспары бойынша экономикалық айналымға зейнетақы қаржысына тұрғын үй алу бағыты бойынша енгізілмек. Демек, қордаланған қаржы құрылыс саласына жан бітіріп, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмыс істейтін болады.

Жинақталған зейнетақы қаражаты зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістерден тұрады. Инвестициялық кіріске қатысты екіұдай пікірлер бар. Жарналарымыз қаншалықты кіріс келтіріп жатыр? 2013 жылдан бастап есептегенде 3,8 триллион теңге инвестициялық кірістен түскен. Бұл да аз ақша емес.

Бұл қаржыны қалай таптық деген сұрақ туады. Онда инвестициялық портфельдің ішкі құрылымына үңілу керек. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестицияларының 40 пайызы мемлекеттік бағалы қағаздарға салынады. Бұл бір жағынан өте консервативті бағыт. Демек ешқандай қауып жоқ. Шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына қор инвестицияларының 11,4 проценті жұмсалған. Валюта тұрғысынан алғанда БЖЗҚ инвестициялық портфеліндегі теңгенің үлесі 66,3% құрады. АҚШ долларының үлесі 32,4% болып тұр.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент