USD
USD
USD

Азаматтар әскерден онлайн босатылуы мүмкін

Қазақстанда әскерге шақырылушылар міндетінен онлайн босатылуы мүмкін.

Азаматтар әскерден онлайн босатылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Elicense.kz электронды лицензиялау порталында әскерден босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметі іске қосылды.

«Осыған дейін бұл қызметті алу үшін әскери комиссариатқа бару керек болған. Біз ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, әскерге шақырылушылар үйден шықпай-ақ әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыру қызметін оңтайландырдық. Енді оны онлайн режимде 5 жұмыс күні ішінде тегін алуға болады», – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті алу үшін Еlicense.kz порталына тіркеліп, "Қауіпсіздік" деген тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдау керек.

Кейін ұсынылған және қосымша жолдарды толтырып, кейінге қалдыру немесе босату себебін, әрі әскери есепте тұрған орнын көрсетіп, құжаттардың электронды көшірмелерін жүктеп, өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Әскерге шақыру комиссиясы өтініш пен тиісті мәліметті қарап, әскери қызметке шақырудан босату немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды шығарады.

Сонымен қатар, комиссия себебін түсіндіріп, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарта алады.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт