USD
USD
USD

Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды

Азамат Байқуанышұлы Батырқожа Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған.   

Еңбек жолын 1995 жылы жеке компаниядағы қауіпсіздік бөлімінің арнайы технигі болып бастаған. 

1997-1999 жылдары Қазақстан Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді. Әр жылдары жеке компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды. 

2019 жылғы желтоқсаннан бері ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев