USD
USD
USD

Азамат Батырбаев ісіне қатысты күні Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қаңтар көтерілісі кезінде Талдықорғанда ұсталып, "үтікпен азапталды" делінген 38 жастағы Азамат Батырбаевқа қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады.

Азамат Батырбаев ісіне қатысты күні Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Бұған дейін әлеуметтік желіде Азамат Батырбаев делінген азаматтың тергеу изоляторында азапталғаннан кейінгі хәлі туралы "жан түршігерлік суреттер" жарияланған. Адвокат Бауыржан Азановтың айтуынша, Азамат Батырбаевқа "жаппай тәртіпсіздік" бабы (272-бап 2-бөлім) бойынша айып тағылған. Ол айыппен келіспеген.

Сәрсенбі күні Бас прокуратура Батырбаевты азаптау фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат тарап жатыр. Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз. Ал 23 қаңтарда жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан. А. Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде" делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино