USD
USD
USD

Азамат Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Азамат Жолманов
Фото: ОКҚ

Астана, NEGE. «Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Азамат Жолманов «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Еуразия Ұлттық Университетін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Мемлекеттік басқару саласында 10 жылдам астам еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы лауазымынан бастаған. Одан кейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми-зерттеу Институтында ғылыми қызметкер, Сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дамыту институты директорының орынбасары, Қарағанды облыстық филиалының директоры, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаменті директоры лауазымдарын атқарды.

2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды.

Азамат Жолмановтың орнына Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

19 шетелдік Қазақстан аумағына жалған құжатпен кірмек болған

Шекара қызметкері

Маңғыстауда аурухананың бас есепшісі 32 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды

Сот балғасы

Отбасы банк 15 қазаннан бастап алты ай күтпестен баспана алудың жаңа тетігін іске қосады

Отбасы банк

Елордада қоғамдық көліктегі жолақысы 150 теңге дейін өседі

Автобус