USD
USD
USD

Бір минуттық үнсіздік. Аза қалай тұтылады?

Ертең еліміз коронавирус инфекциясынан қаза тапқан азаматтарды аза тұтпақ. Nege.kz бұл тәуелсіз мемлекеттің осымен тоғызыншы қаралы күні екендігін еске салады.

Бір минуттық үнсіздік. Аза қалай тұтылады?
Фото: NEGE.kz

Осының алдында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені коронавирустен қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Мұндай қаралы күндер адам өлімі көп тіркелген жағдайда жарияланады. Соңғы ақпар бойынша Қазақстанда COVID-19 дертінен 264 адам көз жұмған.

Бұл президент Тоқаев жариялап отырған екінші аза тұту күні. Біріншісі өткен жылдың 28 желтоқсанында BekAir ұшағы құлаған кезде тұтылды. Ал жалпы ертең ел тарихындағы тоғызыншы қаралы күн. Ең алғашқысы 2006 жылы Шахтинск қаласындағы шахтадағы қайғылы жағдайдан кейін жарияланған болатын.

Тәртіп бойынша Қазақстанда ұлттық аза тұту күнін президенті жариялайды. Әдетте кісі өлімі көп тіркелсе, апаттар мен терактілер, басқа да қайғылы жағдайлар кезінде қаралы күн бойынша шешім қабылданады. Аза тұту бір күннен бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ол күні мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимараттарындағы Мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады. Сонымен бірге, ел аумағында бір минуттық үнсіздік жарияланбақ.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси