USD
USD
USD

Әз Жәнібек сұлтанға арнап XIV ғасырда жазылған қолжазба табылды

1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды.

Қолжазба
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған.

Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.

Қолжазба
Фото: gov.kz

Аталған тарихи мұраны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025» кешенді жоспары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, қазақ ғалымы Өмірбек Қанай анықтады.

Қазіргі таңда аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр

нәресте

Kyzdar.net ісі бойынша күдікке ілінген әйел Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті

729 казақстандық мемлекеттен алатын жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

көмек