USD
USD
USD

Айжұлдыз Адайбекова көптен жасырған сүйіктісін көрсетті

 Отандық актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Ол ғашығымен түскен видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

жігіті
Фото: instagram.com/ aizhuldyz_adaibekova

Көптен бері жүрегін жаулаған ер азаматты көрсетпей жүрген Айжұлдыз желі оқырмандарын таңғалдырды. Ол сүйіктісімен бірге түскен бірнеше видеоны жүктеп, ғашығын жұртпен таныстырғандай болды.

"Енді жасырудың қажеті жоқ", - деп жазды актриса.

Айта кетейік, блогердің таңдауы Сәкен Қағаров есімді экстрим-блогерге түскенін желі қолданушылары осыған дейін-ақ біліп қойған. Олар Айжұлдыз Адайбекова жариялаған видеолардан жігіттің тыртығын байқап, өз бетінше топшылаған. Ал қазір көпшіліктің күмәні сейіліп, жастарға бақыт тілеп жатыр.

 "Қасиеттерін қуаттар, қанат берер бақытты жұп болыңдар", "Біз білдік", "Сендер үшін қуаныштымын", "Бақыт тілейміз", "Сәкен, бағың бар екен", - деп жазды жұрт. 

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат