USD
USD
USD

Айша Сайран Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады

Қазақстандық Айша Сайран 16 жасқа дейінгілер арасында Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

КТФ
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Жаңартылған рейтингіде Айша Сайран 1 574 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Тағы бір қазақстандық Аделина Маманфина 1 497 ұпаймен екінші сатыда тұр.

Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде Родион Трайгель 27-орынға шықты.

Родион Малайзияда өткен Азия чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен еді. Роберт Каминский – 42, Аңсар Ниетқалиев 69-сатыда келеді. Ахмади Мақанов бірден 74 сатыға жоғарылады, қазір ол 111-інші, Диас Төлепбергенов 116-орында (+44). Қыздар арасында Руслана Русланова 80-сатыда.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде ТОП-100-де төрт бірдей қазақстандық теннисші бар. Әмір Омарханов – 13, Даниал Рахматуллаев – 68, Соня Жиенбаева – 30, Асылжан Арыстанбекова 41-орында келеді.

Олардың барлығы жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турниріне қатысудан үмітті.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту